Қылмыстық іс «Қазақтелеком» АҚ қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеліп жатыр. Кешегі тараған ақпарат – бүгінде белгілі ақпараттың барлығы. Қазір сома белгіленді, бірқатар эпизодтар бар. Тиісті сараптама жүргізгеннен кейін міндетті түрде соманы атаймыз деп ойлаймын. Бірақ әңгіме миллиардтаған сома туралы деп айта аламын. Ол (Қуанышбек Есекеев. – Ред.) қазіргі басшы, бірақ іс бойынша бізбен бірге жұмыс істемейді. Бүгінге дейін одан куә ретінде жауап алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов
Сонымен қатар «Антикор» басшысы «Қазақтелеком» кеңселерінде тінту жүргізіліп жатыр ма деген сұраққа жауап берді.
Әрине, тергеу жүріп жатыр. Іздестіру шарасын, соның ішінде Алматыдағы және астанадағы «Қазақтелеком» АҚ-да жүргізу қажет. Белсенді тергеу әрекеттері кеше ғана басталды. Ақпарат болған кезде оны міндетті түрде халыққа жеткіземіз.Олжас Бектенов
«Антикор» басшысы Қайрат Сатыбалдыұлының Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын растады. Ол Дубайға ұшпақ болған.
Алдын алу шарасы әлі таңдалған жоқ. Ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысын қараймыз, бұлтартпау шарасын сот анықтайды.Олжас Бектенов
Қайрат Сатыбалдыұлының қаңтар оқиғасына қатысы бар ма деген сұраққа түсініктеме берген «Антикор» басшысы бұл істе «қаңтар оқиғасы айтылмағанын» мәлімдеді.
Ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ресми ақпарат болған кезде біз оны сіздерге жеткіземіз. Сатыбалдыұлын біздің қызметкерлер ұстады. Біздегі мәлімет бойынша ол Дубайға ұшқысы келген.Олжас Бектенов
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақтелеком» АҚ компанияның әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатқанын және Қуанышбек Есекеевтің жұмыс орнында екенін коммуникациялар департаментінің директоры Сара Бәкірова хабарлаған еді.