Атырауда полицейлерден қашқан мас жүргізуші өзенге секірді

Сурет: Zakon.kz
33 жастағы ер адамның жүргізуші куәлігі болмаған. Ол өзенге полицейлерден қашып құтылмақ болып секіргенін айтты, Zakon.kz.

Владимирский мен Ғұмаров көшелерінің қиылысында полицейлер Lada Priora көлігінің жүргізушісін тоқтатпақ болған. Жүргізуші тоқтаудың орнына, 4-Авангард ықшамауданындағы үйлердің біріне тоқтап, көліктен түсіп, көпірге қарай жүгіре жөнеліпті.

Ол Жайық өзеніне жүгіріп барып, суға секіріп кеткен. Патрульдік полиция инспекторлары Жексенбек Нұрымов пен оның әріптесі Данабек Сақауов мас жүргізушіні ұстады.

33 жастағы жігіттің жүргізуші куәлігі жоқ болып шықты. Ол көлікті мас күйінде айдағандықтан, полицейлерді көргенде, өзенге секіріп, қашып құтылмақ болған.

Оған қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, құжаттар сотқа жолданды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін