«Бомба қойылды» деген жалған ақпарат таратқанға қандай жаза қолданылады

Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Александр Лисиченко Zakon.kz тілшісіне бомба қойылғаны туралы жалған қоңырау үшін қандай жаза бар екенін айтып берді.
Жауапкершілікке келетін болсақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сай жауапкершіліктің ең қатаң шарасы – бес жылға дейін бас бостандығынан айыру. Дегенмен айыппұл түріндегі балама жаза да бар.Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Александр Лисиченко

Заң бойынша мұндай әрекеттер үшін айыппұл мөлшері 5 000 АЕК (немесе 15 315 000 теңге) көлемінде.

Онымен қоса жалған хабарламаларға әрекет жасау кезінде кеткен мемлекеттік шығындарды өтеу бар. Ол – бөлек әңгіме.

Ол дегеніміз: арнайы қызметтің сол орынға баруы, кез келген құқық қорғау органдарының жеке құрамының тартылуы. Мұның барлығы – кінәлі тұлғалар өтеуге жататын шығын, залал. Қызметкерлер оқиға орнына барды делік, қоршауға алынды, жеке құрам, көлік тартылды. Оның ішіне жанармайдан бастап, қызметкерлердің жұмыс сағаты да кіреді. Жалпы айтқанда шығынның бәрі есептеліп, қылмыстық іс аясында кінәлі тұлғаға мемлекеттік органның хабарламасы ұсынылады. Сот үкімімен аталған азаматтық талап қанағаттандырылып, келтірілген залал өндіріледі.Александр Лисиченко

Заңгердің айтуынша, шығын мұнымен бітпейді. Өйткені мұндайда жеке тұлғаларға, сауда орталықтарында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік те қарастырылған.

Мысалы, кәсіпкерлер кінәлі тұлғаларға осы әрекеттердің салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін азаматтық талаптарды да қоя алады.Александр Лисиченко

31 наурызда Қазақстанда түрлі қоғамдық орындарда «бомба қойылды» деген хабарламалар тарады. Оның ішінде Алматыда үш банк, екі сауда үйі, әуежай мен оқу орны, Нұр-Сұлтанда екі автосалон мен екі сауда үйі, Қарағандыда көліктерге қызмет көрсету орталығы болды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: