БҚО-да тасқын салдарынан қатынас үзіліп, бүтін ауыл «қамауда» қалды

Қаратөбе ауданының Ақтайсай ауылында 600-ге жуық адам тұрады, мұндағы азық-түлік алты күнге жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, 31 наурызда Таян өзені арнасынан асып- тасыған. Дегенмен аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанның айтуынша, өзендегі су деңгейі бүгін ғана сағат 18:00 шамасында көтеріле бастаған.

Өзен Ақтайсай ауылының маңынан ағып жатады, ауылдың кіре берісінде су өткізетін бөгет бар еді, оны су шайып кетті, ал қазір елдімекен қатынассыз оқшау қалды. Мұнда 600-ге жуық адам тұрады, барлығы 180 аула бар. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Барлық қауіпсіздік шаралары қабылданды, ауылдағы азық-түлік төрт-бес күнге жетеді. Бірақ, менің ойымша, ертең кешке дейін су деңгейі төмендеуі керек. Жасұлан Сұлтан

Аудан әкімінің орынбасары соңғы 10-15 жылда өзендегі су мөлшері азайып кеткенін атап өтті.

31 наурызда ОКҚ-да өткен брифингіде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин сынап бағаның күрт көтерілуі салдарынан Қазақстандағы 157 елдімекенді су басу қаупі туындауы мүмкін екенін айтқан.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: