Алматыда есірткі притоны жойылды

Сурет: Zakon.kz
Оны 48 жастағы әйел басқарған. Жәдел уәкілдердің мәліметінше, ол нашақорларды өзінің «Жетісу» ықшамауданындағы пәтеріне жинап қана қоймай, оларға есірткі, оның ішінде синтетикалық препараттарды да жеткізіп беріп отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнайы іс-шара өткен күні жүргізілді. Пәтерге барған кезімізде, ол жерде В.есімді азаматшадан бөлек тағы алты адам болды, оның ішінде біреуі – әйел. Жеке тінту кезінде екі «қонақтан» есірткі табылды. Ал күдіктінің пәтерінен ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді заттар салынған екі бума, шприцтер, ақша және есірткіні қолдануға арналған басқа да құрал-жабдықтар табылды және процессуалдық тәртіпте тәркіленді.Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес ,асқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сағындық Аяғанов

Полиция қызметі арнайы іс-шара кезеңінде В.есімді азаматшаның қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталғанын атап өтті: ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын әйел өз клиенттерінің біріне психотроптық зат сатқан.

Қылмыстық іс бірден Қылмыстық кодекстің екі бабы: ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сақтау және өткізу дерегі бойынша) және ҚР ҚК-нің 302-бабы 1-бөлігі (есірткі үйін ұйымдастыру дерегі бойынша) тергеліп жатыр. В.есімді азаматша қамауға алынды. Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді