Алматыда кәсіпорында аммиак төгіліп, жұмысшылар уланды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда техногендік төтенше жағдай болды. Балмұздақ шығаратын зауытта аммиак төгілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат кезінде 60 адам кезекшілікте болған. Төртеуі шұғыл ауруханаға жатқызылды, деп мәлімдеді КТК.

Бес науқастың біреуі жағдайы тұрақты болуына байланысты стационарлық емнен бас тартты. Төрт науқастың үшеуі қазіргі таңда реанимация бөлімшесінде ем алып жатыр. Жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Қалған бір науқас таксикология бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы орташа қалыпты, тұрақты. Келген кезде есі толық болмады және құсу, жүрек айнуы белгілері болды. Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Омаров

Оқиғадан кейін балмұздақ партиясы сараптамаға тапсырылды. Полиция тергеуді бастады. Кәсіпорын әкімшілігі де ішкі тергеу жүргізіп жатыр. Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін кінәлілерге айыппұл салынуы мүмкін.

Біздің кәсіпорын қауіпті нысан болып саналады, өйткені біз өндірісте суыту үшін аммиак пайдаланамыз. Аммиак төгілген фризерде 10 литрге дейін аммиак болады. Жарты литрдей аммиак ағып кеткен. Барлық зардап шеккен қызметкерлерге материалдық көмек көрсетіледі. «Шин-Лайн» ЖШС бас директоры Владимир Пак
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі