Жағалаудағы демалушылар "Итбалық" сәулет нысанының жалбырап, қирай бастағанын байқаған, деп хабарлайды lada.kz.
Сырттай қарағанда архитектуралық нысан осал, үлбіреп тұр десе де болады. Оған ата-аналар балаларын қалай жіберіп қояды, соған таңмын. Балалар өрмелеп, оның үстінде секіріп жүреді. Тағы біраз уақыттан соң, бұл нысан жарамсыз болып, өзі де қоқысқа кететін шығар. Бұл аттракцион емес, қаланың елтаңбасы секілді беткеұстар дүниесі ғой, соны дұрыс түсіну керек. Жергілікті тұрғын Бауыржан
Қалалық әкімдік хабарлағандай, нысанды ТКШ бөлімінің тапсырысы бойынша "Clover Media" ЖШС орнатқан. Мердігерге кемшіліктерді жою тапсырылды.
"Итбалық" 2022 жылдың қаңтар айының соңында орнатылған. Әкімдік оны орнатуға бюджеттен ақша бөлінбеген, барлығы демеушілер есебінен жасалған деп сендіреді.
Сурет: куәгерлер түсірген