Абайлаңыз, алаяқ! Шымкенттің екі тұрғыны жиырмаға жуық адамды сан соқтырды

Шымкент полицейлері екі алаяқты ұстады: олар Қазақстанның әр өңірінде 18 адамды алдап үлгерді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, зардап шеккендер саны артуы мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығы Дәулеткелді Әбдіраманов брифингте полицияға жергілікті тұрғынның арызданғанын айтты.

Әйелдің айтуынша, ол өзінің ескі жиһазын сатпақ болып, интернетке хабарландыру жариялаған.

Мессенджер арқылы жәбірленушге ер адам хабарласып, ескі жиҺазды сатып алғысы келетінін айтып, курьерлік жеткізуге тапсырысты растауды сұрайтыны туралы хабарлама жіберіпті. Әйел жалған сатып алушының нұсқауымен әрекет етіп, сайт сұраған банк картасының деректемелерін енгізген. Осыдан кейін жәбірленушінің шотынан 950 мың теңге жоғалып кетті, ал әлгі бейтаныс адам әйелдің нөмірін бұғаттап тастаған.

Арыз негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Киберқылмыскерлерді анықтау үшін жедел уәкілдер бірқатар іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде екі жігітті тұрғылықты жерінде ұстады. Тінту кезінде күдіктілерден алты ұялы телефон мен 21 сим-карта тәркіленді. Дәулеткелді Әбдіраманов

Тергеу барысында ұсталғандардың осыған ұқсас тағы 17 қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Шымкент Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: