Алматы облысында заңсыз субсидияланған 95 млн теңге мемлекетке қайтарылатын болды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жалпы сомасы 95,2 млн теңгеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін заңсыз субсидиялау фактілері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық прокуратура Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасын тексеріп, жалпы сомасы 95,2 млн теңгеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін заңсыз субсидиялау фактілерін анықтады. Субсидиялау қағидалары бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ( «КабанбайАгро» АӨК, «Бескөл» АӨК, «КЕРБҰЛАҚАГРО Дамуы» АӨК және «Бекарыс-2» АӨК) субсидияланған қой төлдерін сақтап, азаюына жол бермеу талаптарын орындамаған. Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бюджет қаражатын қайтару туралы 3 талап арыз берді. Алайда экономикалық сот талап арыздарды қанағаттандырусыз қалдырған.

Осыған байланысты прокуратура облыстық сотқа апелляциялық өтініш хаттар жолдады. Облыстық сот прокуратураның қадағалау актілерін толық көлемде қанағаттандырып, бірінші сатыдағы соттың шешімдерінің күші жойылды. Қазіргі уақытта сот орындаушылары бюджет қаражатын мәжбүрлі түрде қайтару бойынша шара қолданып жатыр. Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні