Орал – Нұр-Сұлтан әуе рейсі техникалық себептерге байланысты кейінге шегерілді

Сурет: Zakon.kz
Ұшақ сағат 9:40-та әуеге көтерілуі керек еді. Алайда, белгіленген уақытта жолаушылар ұшаққа орналаса алмады. КС 980 рейсі орындалмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз Алматыға барып, ары қарай тағы ұшуымыз керек болған, шетелге ұшатын адамдар арамызда болды. Тіркелуге келгенде рейстің кейінге қалдырылғанын бір-ақ естідік. Бұл Нұр-Сұлтан әуежайының жөнделу жұмыстарына байланысты деген түсініктеме алдық. Ал әуежайға қоңырау шалсақ, олар бізде жөндеу жұмыстары тек 15 шілдеде басталады дегенді айтты. Рейстің кешігу себебін бізге ешкім ашып айтпады. Сайтта көрсетілген нөмірлер бойынша қоңырау шалып, байланысу мүмкін болмады, - деді рейстің жолаушысы "Мой город" порталына берген пікірінде.

Air Astana АҚ баспасөз қызметі кідіріс техникалық себеп бойынша орын алғанын жеткізді.

Орал – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша КС 980 рейсі техникалық себепке байланысты ұшақты ауыстыру қажеттілігіне сай кешіктірілді. Қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз, делінген әуе компания хабарламасында.
Орал
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін