ШҚО-да үй өртеніп, екі баласымен бірге әйел адам мерт болды

Өрт, ШҚО, Бобровка, Глубокое ауданы, қайғылы оқиға, әйел, екі бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 17:41 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, екі баласымен бірге әйел адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 2026 жылы 14 қазанда болған. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына шұғыл жеткенде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған.

"Өртті сөндіру барысында әйел адамның және екі кәмелетке толмаған баланың денелері табылды. Өрт 63 шаршы метр аумақта толық сөндірілді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, марқұм екі баланың бірі 1 жас 7 ай, екіншісі 3 жаста болған. Өрт кезінде отағасы жұмыста болған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін Өскемен қаласындағы 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеден өрт шыққаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: