Павлодарда ЖЭО-3 аумағындағы өрт сөндірілді

Сурет: Facebook/Павлодарэнерго
Бүгін, 21 шілдеде сағат 18:25-те ЖЭО-3 территориясында 22 Т - жеке қажеттіліктегі трансформатор өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЖЭО-3 қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметтерінің бірлескен іс-қимылының арқасында сағат 20: 00-де өрт сөндірілді.

Оқыс жайт салдарынан № 5 қазандық агрегаты мен № 5 турбогенератор жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта екі қазандық агрегат пен екі турбогенератор жұмыс істеп тұр. "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі

Сондай-ақ ведомства хабарламасында стансаның жұмыс режимі технологиялық нұсқаулықтарға және апаттарды жою жоспарына сәйкес қалпына келтірілетіні айтылған. Тұтынушылар үшін жылу және электр энергиясын босату ісінде шектеулер орын алған жоқ.

Қаза тапқандар жоқ, зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылану үстінде. Жақын аумақтағы өрт салдарынан құрал-жабдықтар зардап шеккен жоқ. Стансаның жұмыс режимі қысқа мерзімде қалпына келтіріледі. "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды