«Балабақшадағыларды улайды». ДСМ кезекті фейкті жоққа шығарды

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Көкшетаудағы балабақшалардың бірінің аумағында белгісіз бір зат шашып жүрген маскадағы ер адамның видеосы тарады. Желі қолданушылары балаларды улап жатыр деп топшылайды. Себілген зат балаларды құстырып, ішін өткізетін көрінеді-мыс, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды stopfake.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, видеода «Көкшетау Дезинфекция» ЖШС жүргізген жоспарлы дезинсекциялық өңдеу жұмысы көрсетілген. Өңдеу жұмыс уақытынан тыс уақытта – осы жылдың 22 шілдесінде сағат 20.00-де балабақша алаңында балалар болмаған кезде жүргізілген.

Өңдеу шаралары жәндіктерді жою мақсатында жоспарға сәйкес мезгіл-мезгіл жүргізіледі, бұл жолы құмырсқалар мен араларға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оны оқытылған қызметкерлер Қазақстан Республикасында рұқсат етілген құралдармен жүзеге асырады. Құрметті облыс тұрғындары, кейбір адамдар ойлағандай, бұл қажетті іс-шаралардың коронавирустық инфекцияға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және оны таратпауларыңызды сұраймыз, – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Демек, балаларды балабақшаларда химиялық затпен улайтыны туралы ақпарат – фейк.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады