Көкшетауда 20 тұрғын үйді су басып, шұғыл штаб құрылды

Сурет: видеодан алынды
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі Көкшетауда нөсер жаңбырдың салдарынан 60 тұрғын үйдің аумағын су басқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының нұсқауы бойынша шұғыл штаб құрылды. Жаңбыр суын сору, сондай-ақ қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін iшағым түскен мекенжайларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, делінген хабарламада.

Су басқан 20 тұрғын үйдің үшеуінен ғана су сорылып алынды.

Тазалық жұмыстарына ТЖД-ның жеке құрамынан 40 адам, жергілікті атқарушы органның 10 қызметкері, сондай-ақ 20 мотопомпа, төрт ассенизатор және бір экскаватор жұмылдырылды.

Барлығы 6 300 текше метр су сорып алынды.

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда