Жамбылда қаза тапқан шекарашы офицердің туыстары кінәлілерді табуды сұрайды

Азат Үмбетұлының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы қолына алған. Офицердің миына қан кетіп, қайтыс болғаны белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірқатар БАҚ марқұм офицер қайтыс болар күні іссапармен болған шекара заставасының жоғары лауазымды қызметкерімен сөзге келіп қалған көрінеді деген мәлімет таратты. Керістің соңы төбелеспен аяқталғаны да айтылады. Алайда мұны ресми түре растағандар да немесе теріске шығарғандар да болмады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Үмбетұлының туыстары атап өткендей, қаза тапқан адам, шынымен де сол күні заставада жұмыс бабымен болған. Олар кінәлілерді табуды сұрайды.

Ол заставаға тексеру жүргізуші үшін барған. Содан, осылай Азатымнан айырылып қалып отырмын. Ол біздің отбасымыздағы жалғыз асыраушымыз еді. Біздің үш баламыз бар, өзім қазір төртіншісіне жүктімін. Артында еңіреп анасы да қалды. Біздің басқа ешкіміміз жоқ. Азаттың көптеген жоспары бар еді. Ол өмірге құштар, арманы көп жан болатын. Бұлай болады деп кім ойлаған... Марқұм офицердің әйелі Ботагөз Илмағамбет

Жамбыл облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаменті офицерінің қайтыс болғаны туралы факті 27 шілдеде Қордай аудандық орталық ауруханасында тіркелді.

Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: