Бүгінде өртті ауыздықтауға Красногорск және Қайыңды орман шаруашылықтарының өрт сөндіру бөлімдері ғана емес, орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылған.
Сурет: Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы
Оларға көмекке Өскемен қаласынан екі техника мен 26 өрт сөндіруші келді. Барлығы жүзге жуық адам мен он техника жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жекелеген өрт ошақтары, жетуге қиын және тасты жер құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысына қиындық туғызып жатыр.
Сурет: Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы