Алматыда автобусты есірткі шегіп алып айдаған жүргізуші ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге масаң күйде жолаушы тасымалдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оны полиция қызметкерлері Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатты.

Жүргізушінің әрекеті күдік туғызды. Оны медициналық тексеруден өтуге алып бардық, тексеру қорытындысы бойынша наркологтар есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші бірден қоғамдық көліктен шеттетілді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автобус арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 619-бабы бойынша есірткіге масаң күйдегі жүргізушіге автобус айдауға рұқсат берген автокөлік кәсіпорнының медицина қызметкеріне 150 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

+40°С-қа дейін: Қазақстанда аптап ыстық қайта күшейеді