Алматыда жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргінші үш бірдей көлікті апатқа ұшыратты

Алматыда 20 метрдей жердегі жаяу жүргіншілер өткеліне баруға ерініп, жолды кесіп өткен ер адам ауыр жол апатын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Toyota Camry жүргізушісінің айтуынша, ол Сүйінбай даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

«Саяхат» сауда орталығына жетпей, аялдамадан бір ер адам жүгіріп шыққан.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізуші жылдамдығын бәсеңдетіп үлгерген, жаяу жүргінші жолды кесіп өтіп, жолды бөлу жолағында тұрған.

Сурет: Zakon.kz

Осы кезде солтүстікке қарай басқа Camry кетіп бара жатқан, оның жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан адамды көріп, бірден тежегішті басқан.

Сурет: Zakon.kz

Ал оның артынан келе жатқан Nissan көлігінің жүргізушісі Camry көлігін айналып өтпек болғанда, бөлу жолағына шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қақты.

Сурет: Zakon.kz

Жаяу жүргінші бірнеше метрге ұшып кетті.

Содан кейін Camry бірден бірінші Camry-ге соғылды. Күшті соққыдан көлік айналып барып, артынан келе жатқан Nissan Cefiro-ны соқты.

Сурет: Zakon.kz

Ауыр жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: