Бұл апат туралы «Теңізшевройл» ЖШС хабардар етілді.
Тиісті мемлекеттік органдарға қосалқы мердігердің басшылығы хабар берді. Кез келген қосымша сұрақтарды қосалқы мердігердің басшылығына немесе тиісті мемлекеттік бақылаушы органдарға жолдауыңызға болады.«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі
Бұл оқиғаға қосалқы мердігер де түсініктеме берді.
Қазіргі уақытта Infra Del Projects Өркен уақытша қонысының құрылыс алаңында не болғанын түсіну үшін әрі мұндай оқиғалардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін тергеуге қолдау көрсетіп жатыр, – деді IDP өкілі.
Оның айтуынша, басшылық тиісті органдармен бірлесе жұмыс істеп жатыр.
Infra Del Projects компаниясы марқұм әріптесінің отбасына жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.Infra Del Projects өкілі