Қазақстандықтар жол ережесін бұзғаны үшін 49 млрд теңге айыппұл төледі

Сурет: pixabay
Қазақстанда жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болып, 2 мыңнан астам адам қаза тауып, оның 18 мыңнан астамы жарақат алады. Бұл туралы үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері барлық жазатайым оқиға көрсеткіштері өсті:

жол-көлік оқиғалары – 14%-ға;

қаза тапқандар – 18%-ға;

жараланғандар – 13%-ға.

Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында апаттардың жоғары деңгейі сақталып тұр. Қазақстандағы барлық жазатайым оқиғаның 56%-ы, жарақат алғандардың 55%-ы және қаза болғандардың 41%-ы осы өңірлердің үлесінде.Марат Ахметжанов

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – көлік тәртібінің нашарлығы.

Жыл басынан бері:

Ішкі істер министрі мұндай жағдайға көп жағдайда автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі және жүргізушілерді даярлау сапасының төмендеуі ықпал еткенін баса айтты. Қазір 747 оқу орталығы жол ережесі мен көлік айдауды үйретумен айналысады.

2018 жылдан бастап мұндай орталықтарды ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар талап етілмейді. 2020 жылы олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тоқтатылды. Сапасыз оқытқаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды. Бұл көбіне оқу процесінің формальды түрде жүзеге асуына әкелді.Марат Ахметжанов

Сонымен қатар көптеген мектептерде қажет материалдық ресурстар жетіспейді. Талдау көрсеткендей, өліммен аяқталатын жол-көлік оқиғаларына кінәлі жүргізушілердің жалпы санының 50%-ы көлік айдауды өзі үйренген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Жұмада еліміздің 10 өңірінде аптап ыстық болатыны ескертілді