Қарағандыда ТЖО қызметкері көлікті иесінің көзінше ұрлап кетті

Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда көлік жөндеу орталығынан автокөлікті иесінің көзінше айдап әкеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне Ермеков көшесінде орналасқан көлік-жөндеу орындарының бірінен автокөлік ұрланғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға жәбірленушінің көз алдында болған. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, 56 жастағы қала тұрғыны көлігін жөндету үшін сервиске келіп, жөндеу ақысымен келісіп тұрғанда, білгісіз біреу көз алдында көлігін айдап кеткен.

Бұл жағдай Қарағанды қалалық полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің барлық жасағына хабарланды. Арада бір сағат уақыт өткенде полиция жасағы ұрланған автокөлікті қала көшелерінің бірінен байқап, автокөлікті айдап бара жатқан 30 жастағы азаматты ұстады.аҚР ІІМ баспасөз қызметі

Күдікті өзгенің көлігін қаланы аралап келу үшін мініп кеткенін мойындады.

Көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Ведомство өкілдері бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді