Семейде түнде көшеде жалғыз жаялықпен жүрген қыз бала табылды

Сурет: pexels
Қыздың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалар хирургі Нұрайдар Төлеуғазинов Дастенов – Қабылбаев көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатып, суықта бір ғана жаялықпен жүрген 3-5 жасар қызды көреді.

Ол қызды тексеру үшін ауруханаға алып келіп, оны үсік шалудан аман алып қалды. Белгілі болғандай, баланың психикалық дамуы тежелген, деп хабарлайды fcity.

Біраз уақыттан кейін қыздың ата-анасы табылып, олармен полиция профилактикалық әңгіме жүргізді.

Абай облысының полиция департаменті ювеналды полиция қызметкерлері қыз тәрбиеленіп жатқан отбасын тексергенін хабарлады.

Баланың көшеге шығу хронологиясын зерттей келе, анасы баланы төсекке жатқызып, өзі демалуға кеткені анықталды. Баланың үйден жоғалып кеткенін үйіне кеш қайтқан әкесі байқап, бірден 102-ге хабарлаған. Бұл кезде бала "Сәбилер үйі" ММ-ге орналастырылған. Абай облысының полиция департаменті
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді