Алматылық жүкті әйел нашақор күйеуі ұрып-соғатынын айтты

Сурет: pixabay
Алматылық Арайлым Жексембекова Facebook желісінде күйеуінің ұрып-соғып, "өлтіремін" деп қорқытатынын жазды. Ол Бас прокурорға жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арайлым Жексембекова полицияға арызданғанын, дегенмен күйеуі бар мәселені тамыр-танысы арқылы шешетініне сенімді. Әйелдің айтуынша, бұған қоса нашақор күйеуі есепшотынан 4,5 миллион теңге алып кеткен.

Полиция бұл жағдайға түсініктеме берді. Оның арызы бірден сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы (азаптау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр, соның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Алмалы аудандық полиция басқармасында Ж.есімді азаматшаның әкесінің арызы бойынша бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру дерегіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде.

Ведомство өкілдері шоттан 4,5 миллион теңгені шешіп алуға байланысты алаяқтық жөнінде полицияға арыз түспегенін айтты.

 Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді