Қарағандының орталық саябағында иттер белгісіз заттан уланған

Сурет: Instagram/park.krg
Қарағанды қаласы Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы орталық саябақтың территориясында қайың тоғайы аумағында иттердің белгісіз заттан улану жағдайлары тіркелгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саябақ қызметкерлері уланған болуы мүмкін ет, шұжық, қант және т.б. тағамдарды іздестіріп жатыр.

Адамдарға өз үй жануарларына мұқият болу ұсынылады, егер қандай да бір жеуге жарамды зат табылса, саябақ әкімшілігіне хабарласу сұралады.

Күдікті заттарды тауып алсаңыз, оны жерден көтерудің қажеті жоқ, өйткені ол қауіпті болуы мүмкін. Мүмкіндігінше мұндайда пакетті пайдаланыңыз. Күдікті заттарды қоқыс жәшігіне тастамаңыз, саябақ қызметкерлеріне ескертсеңіз болды, олар өздері бұл мәселені шешеді. Сондай-ақ балаларға да мұқият болуды ұсынамыз, - деді басқармадағылар.

Саябақ әкімшілігі осы мәселе бойынша полицияға арыз жолдайтындарын да айта кетті.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді