Қазақстанда 5 мыңнан астам пәтер заңсыз жалға берілген

Сурет: pexels
Қазақстанда заңсыз жалға берілген 5 мыңнан астам пәтер анықталды. Бұл туралы 25 қарашада сенатта Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркебұлан Дауылбаев жалға берілетін тұрғын үй нарығының басым бөлігі "көлеңкеде" екенін қоса кетті.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін Ішкі істер министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті арасында бірлескен іс-қимыл бойынша жұмыс тобы құрылған.

"Заңсыз жалға берілген 5 мыңнан астам пәтер анықталды. Соған сәйкес шаралар қабылданды".Еркебұлан Дауылбаев

Кейін сенат отырысында ол қабылданатын шараның бірі - әкімшілік айыппұл болуы мүмкін деп болжады.

"Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінеy егжей-тегжейін білу керек. Қателеспесем олар кейінгі үш айға қарап, анықталды".Еркебұлан Дауылбаев

5 қарашада Орал қаласының тұрғындары шетелдіктерге заңсыз баспана бергені үшін жазаланды. Тәртіп бұзушылар полицейлер жүргізген рейд барысында анықталды. Бірақ мұндай фактілер көбіне адамдардың аноним түрде айтуының арқасында белгілі болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды