Қазақстандық блогер Мұрат Бірмағамбетов қайтыс болды

Сурет: Instagram/mura_mariarchi
Ақтөбеде жоғалып кеткен белгілі блогер Оралда өлі табылды. Алдын ала болжам бойынша, 38 жастағы ер адам 7-қабаттың балконынан секіріп кеткен. Қайғылы оқиға орнынан суицид туралы жазба табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұм – белгілі блогер, Ақтөбе қаласының тұрғыны Марс Откатович және Мура Мариарчи бүркеншік аттарымен танымал болған Мұрат Бірмағамбетов. Ол 19 қарашада Ақтөбе қаласында жоғалып кетті. Ал 27 қараша күні таңертең оның денесі Орал қаласындағы Жеңіс ықшамауданынан табылды.

БҚО Полиция департаменті ер адамның 7-қабат балконынан секіргенін хабарлады. Қайғылы оқиға орнынан суицид туралы жазба табылды.

"Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша істі сотқа дейінгі тергеу басталды.БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі

Мұрат Бірмағамбетов КВН-де ойнады, жүргізуші болды, бейнероликтер түсірді және Instagram-да блог жүргізді. Сонымен қатар ол қайырымдылықпен де айналысып, мұқтаж отбасыларға көмектескен "100 дос" жобасын жасады.

Бір Instagram қолданушысының айтуынша, желіде Мұраттың әйеліне жіберген соңғы хабарламасы пайда болған. Онда ер адамның ұзақ жылдар бойы құмар ойынына тәуелді болғаны айтылған.

Полицейлердің айтуынша, блогер қалдырған суицид туралы жазбада құмар ойыны туралы бірде-бір сөз жоқ.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды