Қызылордада жүкті келіншек құндыз тонды ұрлаған

Сурет: unsplash
5 желтоқсанда қызылордалық полицейлер қаладағы ірі сауда үйлерінің бірінде құндыз тон ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары бұрын сотталған 28 жастағы Алматы тұрғынын ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы "Бірнеше рет жасалған ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр", - делінген ПД хабарламасында.

Сонымен қатар ұрланған тон қазір иесіне қайтарылды.

Осындай жағдай Астанада да болған еді. Балабақша тәрбиешісінің құндыз тонын біреу ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары 28 жастағы Павлодар облысының тұрғынын ұстады. Ұрланған құны 280 000 теңге болатын тонды ломбардқа тапсырып, 50 000 теңге пайда тапқан.

Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды