Қазақтың екі блогер жігіті видео түсіремін деп қымбат көлікті талқандап алды

Сурет: видеодан алынды
Қазақстандық блогер (NNN) Нұрдәулет Бектұрсын мен оның досы Әлішер Қонысбаев Instagram желісіне қызықты видео салу үшін өте қауіпті трюк жасап, құны 30 млн теңге тұратын қымбат көлікті бүлдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрдәулет Бектұрсын қатар-қатар биік қойылған әжетхана қағаздары үстіне шығып алады. Бұл арадағы мақсат көлік әжетхана қағаздарына қойып кетіп, ал оның үстіндегі адам секіріп, аман-есен жерге түсуі керек болған. Қатты жылдамдықпен келген көлік дәретхана қағаздарын соғып өтті, ал блогер оның үстінен секіріп, жерге аман-есен түсті. Одан кейін камера көлікке қарай бағытталады. Ал көлік жүргізушісі ту-талақай шашылған әжетхана қағаздарының кесірінен рөлге ие бола алмай қалған болып шықты.    

Зардап шеккендер жоқ. Алдыңғы жағы әбден бүлінген көлікті эвакуатор тиеп әкетті.



Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды