Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: көршілері отбасы туралы айтты

Сурет: flickr
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға резонанс тудырды. Көршілері 38 жастағы ер адам әуелі үш баласын өлтіріп, кейін өзіне қол салған отбасы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалардың кішісі әлі бір жасқа да толмаған. Полицейлер оқиғаға отбасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін деген.

"Астана" телеарнасының журналисі марқұмның көршілерімен сөйлескен. Олардың айтуынша, бұл қарапайым отбасы болған. Ерлі-зайыптылар наубайханада жұмыс істеген.

"Балалары, күйеуі, әйелі - көрші ретінде тәп-тәуір адамдар еді. Қайсысы жұмыс істегенін білмеймін, олар көлікпен жүрді. Әрине, бұл мені есеңгіретті".Көршісі Елизавета Музыка

Полицияға да көршілері хабарласқан. Ол терезеден қозғалыссыз тұрған бейнесін байқаған. Полиция қызметкерлері келген соң әйнекті сындырған. Олар пәтерге кірген соң сегіз және бес жасар мен сегіз айлық сәбидің мәйітін тапқан. Олардың қасында әкесі де асылып тұрған.

Еске салайық, 11 желтоқсан күні сағат 19.45 шамасында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздігінен асылып өлген 4 мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен. Кейін олардың 38 жастағы ер адам, сонымен бірге 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық бала екені анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі