Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады
Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 29 қазан, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, қар түседі. Аяз -6 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың бес өңірінде 1-6 градусқа дейін аяз болады:
- Жамбыл облысында;
- Алматы облысында;
- Түркістан облысының батысында;
- Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында;
- Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, бірқатар өңірде өрт шығу қаупі жоғары болады:
- жоғары өрт қаупі – Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарында;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда және Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысы мен орталығында, Жетісу облысының шығысында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript