Қазақстанда -7 градусқа дейін аяз болып, қар жауып, боран соғады

Қазақстанда -7 градусқа дейін аяз болып, қар жауып, боран соғады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 17:40 Сурет: ЖИ
Синоптиктер 2026 жылғы 20 қазан, сейсенбі күні Қазақстан аумағында болатын ауа райы мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, үсік жүреді. Кей жерлерде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, түнде аяз болады:

  • -2...-7 градусқа дейін – Жетісу облысында, Жамбыл облысының батысы мен шығысында;
  • -2 градусқа дейін – Қызылорда облысының шығысында топырақ бетінде үсік жүреді.
"Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында ауа райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Қазақстанның қалған бөлігінде ауқымды антициклонның сілемі әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт шығу қаупі жоғары болады.

Өрт қаупі жоғары: Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде;

Төтенше өрт қаупі жоғары: Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында, Ұлытау облысының батысы мен орталығында, Жетісу облысының шығысында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: