Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі тас жолдан шығып, кюветке "ұшып" түскен

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды облысында ішінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған жаңа туған сәбиі бар жедел жәрдем көлігі тас жолдан шығып, кюветке "ұшып" кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы 5 қаңтарда сағат 00:03-те Дубовка ауылынан 2 шақырым жерде орын алған. Ішінде жаңа туған нәресте бар жедел жәрдем көлігі тас жолдан ұшып кеткен.

"Қатты боран мен көктайғақ жағдайында оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел жәрдемде жаңа туған нәрестенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын және арнайы құралсыз оны тасымалдау мүмкін еместігіне көз жеткізді. Сондай-ақ, жедел жәрдем көлігін жолға алып шығу да мүмкін болмады, себебі ол жолдан 20 метрден астам қашықтыққа ұшып кеткен. Жедел жәрдем жүргізушісінің айтуынша, жанар-жағармай аз болған". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнына құтқарушылардың шалт қимылының арқасында жанар-жағармай мен жылы киімдер жеткізілді.


Сондай-ақ, баланы Қарағандыдан келген жедел жәрдем көлігіне уақыт жоғалтпай жеткізу үшін тез арада жол тазартылды, өйткені дәрігерлердің айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратынсыз баланы 30 секундтан артық ұстауға болмайды. Қызметкерлердің уақтылы әрекетінің арқасында бала өзге жедел жәрдем көлігіне жеткізіліп, кейін Қарағанды ​​қаласының ауруханасына жатқызылды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі



Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты