Қазақстан президенті Бельгия Королі және Патшайымымен бірге Ұлттық музейді аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейге барды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 13:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін тамашалап, Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын таныстыратын экспозициялармен танысты.

Алтын залына ерекше назар аударылды. Мұнда бірегей археологиялық олжалар мен ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған "Алтын адам", сондай-ақ Берел, Талды-2, Тақсай және Шілікті обаларынан табылған алтын бұйымдар қойылған.

Этнография залында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты.

Сондай-ақ меймандарға бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі ұсынылды.

Сапар соңында Бельгия Королі мен Патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: