Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпарат бойынша, 9 қаңтар күні сағат 07:30 жедел-жәрдем қызметінен Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары табиғи газға уланғаны жөнінде хабарлама түскен.
Атырау облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде 5 адамның, атап айтқанда 1980 жылы туған үй иесі және оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балаларының ас бөлмесінде орналасқан газ плитасынан газ кету салдарынан табиғи газға уланып, жедел-жәрдем қызметімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін анықтады.Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, балалардың жағдайы бір қалыпты болғандықтан, үйіне жіберіліпті.
Қазір мамандар уланудың себебін анықтап жатыр.
Осы орайда төтеншеліктер тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, тұрмыстық заттарды, электр құрылғыларын қосулы қалдырмауға шақырды.