Алматыда үш ер адам жолдағы әйелмен төбелес ұйымдастырмақ болған

Сурет: pixabay
Қазнетте Алматыдағы жолдардың бірінде болған оқиғаның видеосын таратады. Кадрларда үш ер адам жолдың қақ ортасында тоқтап көліктен түсіп, жүргізушіге атылып барады. Полиция әрекет етіп, кешенді шаралар жүргізіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазба авторының айтуынша, оның құрбысы кішкентай қызымен "оң жақ жолақпен қозғалған, сол кезде Nexia озып, тоқтауға мәжбүрлеген".

«Үш ер адам көліктен түсіп, оған қарай ұмтылды, есікті ашпақ болып «Шық! Дереу шық! Сазайынды тарттырамыз" деп айқайлады. Бұл әрекетке жүргізушінің төмен жылдамдықпен бара жатқандығы себеп болды", - дейді ақпарат көзі.


Ал, қала полициясы әйелдің полицияға арыз жазғанын айтты. Құқық қорғаушылар айыпталушылардың кім екені анықталатынына сендірді.

"Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция бөлімімен кешенді іс-шаралар жүргізілуде, нәтижесінде айыпталушылар анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады". Алматы ПД баспасөз қызметі

Қаңтардың 11-і күні Алматыда Nissan көлігі арыққа ұшып кетіп, өзімен бірге тоқтап тұрған көліктерді сүйреп кеткені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады