Қарияны өрттен құтқарған Ерасыл мен Қанат министрден алғыс хат алды

Сурет: gov.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев егде жастағы көршілерін өрттен құтқарған қарағандылық оқушыларға, ағайынды Ерасыл мен Қанат Смағұловтарға алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағайынды Ерасыл мен Қанат Смағұловтар көршілерінің көмек сұраған айқайын естіп, өрт сөндірушілерді шақырған және олар келгенге дейін өртті өздері сөндіре бастаған. 15 жастағы Ерасыл мен 14 жастағы Қанаттың батылдығының арқасында өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Еліміздің бас ұстазы Қарағанды қаласындағы №12 мектептің оқушыларына өртті сөндіру кезінде қайсарлық пен батылдық көрсеткендері үшін алғысын білдірді.


"Сендерге адам өмірін құтқаруға қадам басқан ержүрек батырлықтарың үшін зор алғысымды білдіремін. Өз өмірлеріңе қауіп төніп тұрса да, тәуекелге бел буып, нағыз ерлік жасап, үлкен қайғының алдын алдыңдар. Мұндай әрекетке барудың өзі үлкен жүрек пен батылдықты, қайсарлықты талап етеді. Жасаған қадамдарың рухы берік, нағыз батырдың әрекеті деп білемін. Сендер болашақта ата-бабамыздан мирас болып қалған еліміздің кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғайтын, халықтың мақтанышына айналатын нағыз патриот азамат болып шығатындарыңа сенімім мол. Болашақтарың жарқын болсын!", – деп жазды министр жолдаған алғыс хатында.



Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді