Шымкентте жаңбыр жауып, төтеншеліктер әбден әбігерге түсті

Сурет: gov.kz
Шымкент бойынша 30 мекенжайда 2230 текше метр су сорып алынып, су тасқынының алдын алу мақсатында қаланың 5 ауданы аумағынан 63 мың текше метр қар қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ТЖМ қызметіне сілтеме жасап.
"Қала аумағында 10 гидротехникалық құрылыстардың, 4 ірі өзен мен 27-ден астам каналдың жағдайы бақылауға алынған. Қала аумағындағы су қоймаларының толуы бүгінгі күні 2-ден 65%-ке дейін көрсеткішті құрайды. Қазіргі уақытта тасқын суларды қабылдау үшін су қоймаларында қорлар жеткілікті. Өзендердегі судың деңгейі төмен". ҚР ТЖД баспасөз қызметі

ТЖ департаменті жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп су басудың салдарын жоюға 40 мың дана қап дайындап,  әр ауданның су басу қауіпті орындарға жақын жерге жиналған. Су тасқынының алдын алу мақсатында қаланың 5 ауданы аумағынан 63 мың текше метр қар қауіпсіз жерге шығарылды.

"Қала аумағындағы су басу қауіпті аймақтарға тікұшақ арқылы әуеден шолу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі бойынша шеткі және қырлы жерлерде (Забадам елді мекені, 195 орам, Елтай елді мекені, Тұран мөлтек ауданы) қардың көп мөлшерде жиналып, күн жылып еріп және де үстінен жаңбыр жауса, су басу жағдайлары болуы ықтимал". ҚР ТЖМ

Аудандық төтенше жағдайлар басқармалары аудандық әкімдіктерімен бірлесіп қауіпті су басу ықтимал учаскілерге жерүсті мониторинг жүргізіп, қауіпті деп танылған учаскілердегі каналдарды, ирригациялық жүйелерде жиналған мұздар мен қоқыстарды тазарту жұмыстарын жүргізді.   

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 30 қаңтардан бастап ерекше өкімге дейін Департаменттің дағдарыс жағдайлар орталығында тәуліктік кезекшілік ететін штабы ұймдастырылып, ұйлестіру жұмыстары атқарылды.

Қалада 2 ақпанда жауын-шашын орын алып, департаменттің бөлімшелері мен аудан әкімшілігі 30 мекенжай бойынша су шығару, бөгет жасау жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша 30 мекенжайда 2230 текше метр су шығарылып, 200 дана қаппен бөгет жасалынды. Авариялық-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 200 адам, 32 мотопомпа, 42 бірлік техника жұмылдырылды.

Су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды жою үшін күш пен құралдар, оның ішінде 535 адам, 101 бірлік әр түрлі мақсаттағы техника,  17 қайық,  78 дана мотопомпа дайындыққа келтірілді.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды