Түркияда жаңа жер сілкінісінен 300-ге жуық адам зардап шекті

Сурет: pixabay
Түркиядағы жаңа жер сілкінісінен зардап шеккендердің нақты саны белгілі болды. Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлығы 294 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, мұндай сандарды Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа келтірген.

Фахреттин Кожа Twitter парақшасында: «Олардың 18-і, өкінішке орай, ауыр халде, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар әуе және құрлық арқылы Адана мен Дертиолға жеткізілді», - деді.

Бұған дейін Түркиядағы жаңа жер сілкіністерінің салдарынан 213 адам жарақат алып, үш адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Сириядағы жер сілкінісінен бес адам қаза тапты.

Бүгін Түркияда жаңа жер сілкінісі болды. 6,4 баллдық бірінші дүмпу жергілікті уақыт бойынша 20:04-те, екінші магнитудасы 5,8-ге тең 20:07-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошақтары сәйкесінше Дефне және Самандаг аймақтарында болды. Бірінші жер сілкінісінің ошағы 16,7 км, екіншісі 7 км тереңдікте болған.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды