Ақтөбе облысындағы жолдардан 93 адам эвакуацияланды

Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өткен тәулікте жүк және жолаушылар көлігі үшін жол қозғалысының шектелуіне байланысты Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары 93 адамды эвакуациялады, деп хабарлады Zakon.kz.

2023 жылғы 24 ақпанда сағат 22.50-де Әйтеке би ауданының Самара – Шымкент автожолының 964 шақырымда ТЖД күштері Yutong маркалы жолаушылар автобусына (Бішкек – Мәскеу) жол көрсетіп Қарабұтақ кентіне бірге барды. Жылыту пунктіне (орталық мешіт) Өзбекстан мен Тәжікстан Республикасының 41 азаматы эвакуацияланды.

25 ақпанда сағат 04:05-те Ақтөбе қаласының Едіге батыр даңғылында ТЖД күштері техникалық ақауы бар Setra (Шымкент – Мәскеу) маркалы жолаушылар автобусынан Жаңақоныс кентінің жылыту пунктіне (мешіт) 54 адамды эвакуациялады. Оның 52-сі – Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 52 құтқарушы мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақтөбе облысының ТЖД тұрғындарға алыс жолға шыққан кезде дауылды ескертулермен танысуды және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Өскеменде экзитпол қалай өтіп жатыр: супервайзер сайлаушылардың белсенділігін бағалады