"Субұрқақ секілді атқылады". Оралда 140 студент жатақханадан эвакуацияланды

Оралда 140 студент түн ортасында жатақханадан үдере көшті. Медициналық колледж жатақханасының жертөлесін қызыл су басып қалған. Ал онда төтенше жағдайда керекті барлық заттары, соның ішінде электр сымдарының қорабы да орналасқан. Ғимарат жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Студенттер жатақханадан эвакуацияланды. Олардың бірі туыстарының, тағы бірі таныстарының, тағы бірі мұғалімдерінің үйін паналауға мәжбүр, деп хабарлайды "Уральская неделя".

"Субұрқақ секілді. Күні бойы дәретханадан су атқылады. Суды сорып үлгермей жатырмыз", - дейді осы жатақханаға еге "Хайрекешева" ЖК өкілі.


Орал қаласында тұрғын үйлердің аулаларын да су алды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қар уақытылы шығарылмағандықтан қазір су тасқыны болып жатыр. Екі жыл бұрын жөндеуге уәде берген Исатай батыр көшесі әлі сол күйі ойдым-ойдым болып жатыр.

"Мой город" порталының мәліметінше, Кең дала ықшам ауданының тұрғындары жұмысқа бара алмай отыр. Өйткені олар өздері жоқта үйін су алып кетеді ме деп қорқады. Мұнда көшедегі суды соруға ешқандай қызмет келмеген. 

Орал әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, соңғы аптада еріген қар суын сордыру бойынша қала тұрғындарынан 150-ден астам өтінім түскен.

"Адамдар үйге су кіріп кетеді деп қорқады. Ақиқатында, олай емес. Үйге су кірген бірнеше жағдай болды. Әр түрлі себептері бар: біреу ауласын қардан тазаламаған, кейбір жағдайларда үйдің құрылымы әсер етті — іргетасы тым төмен қаланған мен гидроизоляциясы жоқ. Мұндай жағдайлардың бірнешеуі Зачаганск қаласында және құс фабрикасы ауданында байқалды", - дейді Жандос Дүйсенғалиев.
Орал
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: