Екібастұзда полиэтилен қапшыққа салынған мәйіт табылды

Сурет: Zakon.kz
24 сәуір күні Екібастұзда Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте еріген қар суынан полиэтилен қапшыққа салынған мәйіт табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Павлодар облысының ПД жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

"Қаңқаның үстінде "Челси" футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбары; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлық болды", – делінген Павлодар облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.

Полиция қаза болған адамның жеке басын анықтауға көмек сұрайды.

Қандай да бір ақпараты бар кез келген адамнан төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз: Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95.




Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды