Павлодар облысындағы Курчатов қаласы енді Абай облысына қарайды

Сурет: Павлодар әкімдігі
Облыстық мәслихатта Курчатов қаласының аумағын Абай облысының қарауына беру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, ұсынысты Павлодар облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов айтқан.

Ол жаңа Абай облысына Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданы мен Семей кіретінін еске салды.

Енді Абай облысының құрамына Павлодар облысының шекарасында болған, бірақ шын мәнінде Шығыс Қазақстан облысына бағынатын Курчатов та кірді.

"Қаланың жалпы ауданы - 11 гектар. Курчатовтан түсетін салық облыстық бюджетке түспейді, қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар мен Абай облыстарының шекарасын сәйкестендіреді", - деді Мұрат Хамитов.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.


Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді