Екібастұздағы алапат өрт сөндірілді

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Бүгін сағат 17: 57-де Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдің шатырының өртенгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, шақырту орнына 7 техника мен жеке құрамның 40 адамы жіберілді.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде шатырдың 800 шаршы метрін және ауданы 8 шаршы метрді құрайтын екі балконның өртеніп жатқанының куәсі болды. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде", делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

30 адам, оның ішінде 7 бала, сондай-ақ 12 газ баллоны эвакуацияланды.

Сағат 19:41-де өрт толықтай сөндірілді.

Бұған дейін Екібастұзда екі қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқаны хабарланған болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі