Алматы облысында әкесі мен төрт баласы уланып қалды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Көлащы ауылында төтенше жағдай болды: ауыл тұрғыны мен оның төрт баласы белгісіз затқа уланып, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 4 мамыр күні болған.

"Жеке тұрғын үйде 6 адам (2 ересек және 4 бала) бұрын белгісіз затқа уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Салдарынан 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қайтыс болды".Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

ТЖД таратқан ақпарат бойынша, 1985 жылы туған әйел (анасы) ауруханаға түсті. Қазір жағдайы қалыпты, психологтар жұмыс істеп жатыр.

"Алдын ала себептердің бірі - белгісіз затпен улану. Мән-жайды анықтау үшін дереу шақыру орнына Төтенше жағдайлар департаментінің зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭС жіберілді".Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы жиналған материал Қарасай ауданының полиция бөліміне берілді.

9 мамыр күні Қарағандыдағы аудандардың бірінде екі жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады