Облыстық полицияның мәліметінше, бұл дерек дереу тіркелді.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, тергеуді толық жүргізу үшін оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭС шақырылды". Алматы облысы ДП баспасөз қызметі
Сондай-ақ ведомство соңғы шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің қорытындысы бойынша шығарылатынын атап өтті.
"Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер иіс газынан уланған".Алматы облысы ДП баспасөз қызметі
4 мамыр күні жеке тұрғын үйде улану салдарынан 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қаза тапты.