Алматының орталық саябағында жазғы дәмхананың үстіне ағаш құлады

Сурет: Zakon.kz
Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында кәрі ағаш құлап, дәмхананың жазғы террассасының бір бөлігін қиратты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Куәгер түсірген видеода адамдар дәмханадан әрең шығып үлгергенін байқауға болады.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.


Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағына барып, шаған ағашының бұтағы құлағаны анықтады, зардап шеккендер жоқ", – деді ведомство өкілдері.

Ағаш "Алтын Тараз" ЖШС-не тиесілі дәмханаға іргелес аумақта өсіп тұр.

"Алматы қаласындағы жасыл желекті күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, меншік иесі күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде іргелес аумақта өсіп тұрған ағаштарды санитарлық кесуге міндетті. Басқарма аумақтың иесіне санитарлық кесу туралы ұсыныс жолдады", – деді Басқарма маманы.

2022 жылғы наурыз айында Алматыда Toyota Camry көлігінің үстіне ағаш құлады: зардап шеккендер жоқ.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады