"Өлімнен ұят күшті": Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта сөйледі

Сурет: primeminister.kz
16 маусым күні сотта сөйлеген Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыптардың сот тергеуінде расталмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлы сотталушы ретінде соңғы сөзін айтты.

"Мен кез келген жазаға, тіпті өлім жазасына да келісемін, бірақ жымқыруға емес. Қазақта "Өлімнен ұят күшті" деген мақал бар. Намыс - ең қымбаты. 60 жасымда Мен бай, қиын, бірақ лайық өмір сүрдім.Арыстанбек Мұхамедиұлы

Сонымен қатар тергеу дәлелдеріне сәйкес, ол Үндістандағы «Алтын адамның шеруі» көрмесін коронавирус шектеуі алынғанша қалдыруға тиіс болғанын айтты. Бірақ мұндай жағдайда бірегей артефактілер тұрақты өңделмей, ұзақ уақыт бойы тиісті сақтау шарттарынсыз зақымдалуы мүмкін еді.

"Бірде-бір ел проблемалық тарихы бар көрмені ("Алтын адам шеруі" - ред.) өткізгісі келмейді. Үндістан жағы өз кезегінде бұл мәселе неде деп таңғалып отыр, өйткені көрме өтті. Тек коронавирус болғандықтан, көрме отыз күннің орнына үш күн ғана болды. Бұның бәрі локдаун болуына байланысты еді".Арыстанбек Мұхамедиұлы

Ұлттық музейдің экс-басшысы сот барысында ақшаны ұрлау, сөз байласу немесе өзге де заң бұзушылық фактісін растайтын бірде-бір дәлел келтірілмегенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі