Атырауда жекеменшік балабақшада үш жасар қыз бір саусағынан айырылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атыраудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде үш жасар қыз шылдыр шүмегінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, бұл жағдайдың қалай болғанын ата-анасы білмейді, ал балабақшадағылар оларға жарытып түсіндіріп бере алмаған.

Сәбиді ауруханаға тәрбиешінің өзі алып барған. Ата-анасын медицина мекемесіне барған соң шақыртқан.

"Сол қолдың 4-саусағының дистальды бунағының травматикалық жұлынуы. Ортопед-травматологтың консультациясы, саусақ/табан рентгенографиясы, жараны хирургиялық өңдеу, таңу, инфильтративті анестезия".Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Қыздың ата-анасы полицияға арыз жазған.

ҚР Қылмыстық кодексінің "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" (141-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот сараптамасы тағайындалды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін