Таразда «Зербұлақ» демалыс кешені ашылды

Сурет: Тараз әкімдігі
Астана күні мерекесіне орай Тараз қаласында халықаралық деңгейдегі туризмді дамыту аясында Зербұлақ көлінде еліміздегі ірі мәдени-сауықтыру отбасылық демалыс аймақтарының бірі пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов кешен директоры Айбек Оршубековпен бірге ауқымды нысанның лентасын қиып, аралап көрді.​


Сурет: Тараз әкімдігі


Ауқымды жоба өңірдегі туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде қолға алынған.


Сурет: Тараз әкімдігі


Құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын кешен жалпы 1,9 гектар аумақты алып жатыр. Сыйымдылығы 2000 адамға шақталған. Мұнда түрлі әткеншек, толқынды бассейн секілді заманауи құрылғылар орнатылған.


Сурет: Тараз әкімдігі


"South Holiday" ЖШС-нің басшысы Айбек Оршубековтің айтуынша, Орталық Азиядағы ірі аквапарктердің бірі саналатын бұл кешенде алдағы уақытта бес жұлдызды қонақ үй, ойын-сауық және өзге де сервистік орталықтар іске қосылмақ.


Сурет: Тараз әкімдігі


Салтанатты түрде пайдалануға берген демалыс аймағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналары сөзсіз.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды