Түркістан облысында қар мен толассыз жауған жаңбыр жоғалған туристті іздеу жұмысын қиындатып жатыр

Сурет: pixabay
Түркістан облысында өткен аптаның басында ер адам шыңнан түсу кезінде тау басынан құлап кетті. Туристті іздеу жұмысы ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындай түсті. Бұл жөнінде Zakon.kz тілшісіне 2023 жылғы 10 шілде күні облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"Құтқару-іздестіру жұмыстары бұршақ араласқан қар, үздіксіз жаңбыр түріндегі ауа райының қолайсыздығымен қиындады. Айта кету керек, жолдың кейбір бөліктері шамамен 70 градус болатын биік шатқалдардан тұрады, бұл қар аралас жауын-шашынның салдарынан құтқарушылардың жоғары қарай көтерілуін қиындатады", – делінген хабарламада.

Құтқарушылар іздеу жұмыстарының бейнежазбасын жариялады.

2023 жылғы 3 шілдеде Түркістан облысында турист тау басынан құлап кетті. Облыстық ТЖД таратқан мәлімет бойынша, тау шатқалдарының тік орналасуына және табиғи кедергілердің көп болуына байланысты іздестіру жұмыстары қиындай түскен.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды